Астанада пешпен жылитын үйлерге улы газды анықтағыш қондырғылар орнатылды
Астанада пешпен жылытылатын үйлерге улы газды анықтайтын дабыл қондырғылары орнатыла бастады.
Қазір 200-ден астам үйде пайда болды. Бұл жұмысты Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жылыту маусымы аяқталғанша жүргізеді. Биыл 30 мыңнан астам үйде тексеру жүргізу жоспарланған. Былтыр осы қондырғылардың көмегі тиіп, бірнеше қайғылы жағдайдың алдын алған. Жалпы жеке тұрғын үй секторында болатын өрттердің көбі көмірмен жанатын пештен шығады дейді мамандар.
Бағдат Мұзафаров, Астана қаласы ТЖБ бас маманы:
- 2022 жылдың жылыту кезеңінде Астана қаласында тұрғын үй секторында 160 оқиға орын алды. Тұрғын үй секторларын аралау барысында әлеуметтік осал топтарға назар аударып жатырмыз. Солардың үйлеріне арнайы датчиктерді орнатып жатырмыз.