Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда 165 заң бұзушылық дерегі анықталды

Жалақы уақытылы берілмейді, жұмыстан шыққан қызметкерге өтемақыны кешіктіріп төленеді.

Мұның сыртында заңсыз тәртіптік жазаға тарту мәселелері жиі кездеседі. Жамбыл облысында биылдыққа 165 заң бұзушылық болған. 5 басшы ескерту алып, 9 жауапты қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыс берушілер 3 миллион теңге айыппұл төлеуге тиіс. «Еңбек жетістіктің кілті» атты еңбек ұжымдарының форумында осы мәселе қозғалды.

Бекжан Әбді, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- Е-Өтініш бойынша немесе өздері басқармаға кеп арыздана алады. Біз сол арқылы жоспардан тыс тексеру тағайындап бұзылған құқықтарын қорғаймыз. Сонымен қатар жазатайым оқиға орын алған кезде еңбек инспекторларымен жасыру фактілері орын алып жатады. Оған қатысты шара қолданамыз.

Мирас Ералиев, бизнес клубының басшысы:

- Көбінесе басшының өзінен ғой. Команданың жанайқайын түсінбейді немесе іштегі болып жатқан проблемаларды ұқпайды. Ол мысалы Жапонияда мыңдаған проблемаларын ол жұмысшыларының берген кері байланысынан шешеді. Тура солай біздің әрбір ұжымда кәсіпкер өзінің ішкі проблемасын  сол жұмысшылармен шешу керек.