Оралдықтар алаяқтардан сан соғып қалды
Орал қаласында Чиатай тяньсинг фармасьютикал («Chia Tai Tianging Pharmaceutical») компаниясына қатысты қылмыстық іс сотқа жетті.
33 жастағы әйелге қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген айып тағылды. Оңай жолмен олжаға кенелмек болғандар өздерін Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бірақ жеке тұлғалардан түскен қаржыны кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Салдарынан 411 азамат 490 миллион теңгеге зардап шеккен. Жалпы жыл басынан бері өңірде қаржылық құйтырқылық белгісі бар 150 сайт бұғатталған, 4 қаржы пирамидасы анықталған. Алаяқтардың кесірінен тұрғындарға келген шығын көлемі 700 милион теңгеге жетеді.
Сағадат Ғаділжанов БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:
- ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабы 3-бөлігіне сәйкес осы баппен жаза бес жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынаи айыру жазасы көрсетілген. Қылмыстық іс бойынша анықталған яғни мүліктер тәркіленіп, банкілік шоттарына тыйым салынды. Соттың шешімі бойынша заңды шешім шығады деген ойдамыз.