Қазақстан мен Мажарстанның білім саласындағы ынтымақтастығы нығайып келеді

Кейінгі жылдары Қазақстан мен Мажарстанның білім саласындағы ынтымақтастығы нығайып келеді.

Ғылым қоғамдастығы тарапынан да қызығушылық артуда. Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға сапарынан осы бағытта оң серпіліс күтуге болады. Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза осылай деп, бүгінде отандық жоғары оқу орындарының венгриялық маңдайалды білім ордаларымен қарым-қатынасы белсенді екенін атап өтті.

Самат Нұртаза, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қарым-қатынастарымызға әрқайсысы өз түп-тамырын еске алатындай қандайда бір мәдени-рухани, дәстүрлі тарихи қайта жандану қажет деп ойлаймын. Сол себепті, Виктор Орбанның сапары өте позитивті саналады. Екіжақты ықпалдастығымызға жаңа серпін береді деп ойлаймын. Оның ішінде экономикалық, инвестициялық салаларда да.