Алматы облысының 6 ауылына газ жетті

Балқаш ауданына халық көптен күткен көгілдір отын беріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Газ желісіне Бақанас, Миялы, Бояулы, Ақдала, Бақбақты, Бірлік ауылдары қосылды. Аудан орталығы Бақанастың өзінде газ құбыры тартылды. Ауылда 1 300-ден аса үй болса, қазір 510 абонент табиғи газға қосылып үлгерді. Осыған байланысты ауданда салтанатты шара өтті.

Жалпы облыста 384 елді мекеннің 294-і газдандыруға жатады. Жалпы биыл 18 ауыл бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Оған бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген.

Мұқанғали Арғынбайұлы, Бақанас ауылының тұрғыны:

- Қуанып жатыр барлығы. Бүгін бізге келіп, газдарын ашып беріп, жағып, қуантып отыр.