Байқоңырға кіріп-шығу жеңілдейді

Енді Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Қазақстан азаматтары жұлдызды қалашыққа кіру үшін берілетін рұқсат қағазын кемінде 10 күн күтетін. Сырттан келген қонақтардан Байқоңырда туған-туыстары тұратынын дәлелдейтін анықтама сұралатын. Аталған құжаттамалық мәселе, Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясында қаралып, рұқсатнама 1 күнде рәсімделетін болып шешілді. Қос тараптың келісімі 1 желтоқсанда күшіне енеді.   

Қайрат Нұртай, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі:

- Бір адам отырады. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің режимынан осы кіріп-шығуға жауапты маман кіреберісте отырып, келген Қазақстан азаматтарына бірден сол жерде рұқсаттама жазып беру бойынша шешім қабылданды. Байқоңыр халқы бұны жақсы қабылдады. Өйткені Қызылорда облысымен, басқа өңірлермен Байқоңыр қаласы етене араласып, тұрғындар туған-туыстарымен араласуы күнделікті болғаннан кейін бұл көптен бері күтілген нәрсе болған.

Тимур Вербицкий, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары

- Егер қалаға келген азаматтың туысы не жақыны болмаса, оларға туристік фирмалар көмектесе алады. Себебі қалаға келгенде қабылдайтын туысы болу керек. Бұндай жағдайда қабылдаушы тарап туристік орталық болады. Туристік агенттіктер оларға қызмет жасайды. Оның ішіне қалаға кіру, аралау, музеймен танысу секілді шаралар кіреді. Бастапқы уақытта бұл ақылы негізде болады. Біз бұл жағдайлардың барлығын бақылаймыз. Бұл, әрине, пилоттық жоба.