Атырауда күйшілердің республикалық байқауы басталды
Атырауда Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай күйшілердің республикалық байқауы басталды.
Еліміздің әр өңірінен келген 21 домбырашы өзара бақ сынайды. Айтулы додаға Айтқали Жайымов бастаған өнер майталмандары қазылық етеді. Қатысушылар күй жарысының алғашқы кезеңінде Құрманғазының 5 күйін орындауға міндетті. Оған қоса жеребе бойынша 2 шығарма орындайды. Айтулы додаға елімізге белгілі өнер жұлдыздары мен Ресей Федерациясынан құрметті қонақтар шақырылған. Күй сайысының жеңімпаздары Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған ертеңгі гала-концертте марапатталады.
Бақытбек Сартбаев, Д. Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің басшысы:
- Конкурстың ауырлығы – оның ережесінде, деп айтып кеттік. Бүгінгі екінші турда конкурсанттар шығармаларын концертмейцстердің көмегімен арнайы жазылған пьеса бар, сол және басқа да міндеттелген күйлерді орындап шығады. Ертең конкурстың үшінші кезеңінде конкурсанттар оркестрмен бірге шығармаларды орындайды.