Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 айдағы жұмыс нәтижесімен бөлісті.

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, бүгінге дейін бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге көлемінде мүліктік және ақшалай активтер қайтарылды. Оның 159,8 млрд теңгесі – шетелдік юрисдикциялардан түскен қаражат. Бұл сома мемлекет бюджетіне жіберілді.

Мәселен, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылды. Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркелді. 1100-ден астам адамның «бармақ басты, көз қысты» әрекеті әшкере болды.