Құмар ойынмен күреске волонтерлер тартылды
Құмар ойындарымен күреске еріктілер де тартылды.
Түркістан облысында «экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлік қозғалысы» жобасы іске қосылды. Облыстық қаржылық мониторинг агенттігінің бастамашылық еткен жобаға қазір еріктілерді іріктеп жатыр. Жобаның мақсаты - қаржылық сауаттылықты арттыру және құмар ойынға қарсы жаппай иммунитет қалыптастыру. Өйткені ахуал мәз емес. Департамент қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз ашылған 24 ойынхананы жапты. Оны ұйымдастырғандарға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Сорақасы сол, құмар ойындары түрленіп, онлайн платформаларға көше бастаған. Тіпті TikTok әлеуметтік желісінің өзінде ел-жұрттың алдында ашықтан ашық бәс тіккен 2 дерек анықталып, қылмыстық іс қозғалды.
Пердебек Ескулов, экономикалық тергеп-тексеру волонтерлік қозғалысының жетекшісі:
- Қазір қоғамның барлығы құмар ойынға, жастар адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттар; мефрон т.б. заттарға қоғам еліктеп кіріп бара жатыр. Соның алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын кәсіби тұрғыда, үлкен бір күш болып, жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан бұл жобаның, еріктілердің, ұжым болып күрестін болсақ, бұның алдын алу оңайыр-ақ болады деген ойдамыз.