Қызылорда аумағына сексеуіл егілді
Биыл Қызылорда қаласының аумағына 3 миллион 600 мың түп сексеуіл егілді.
Экожобаны Дүниежүзілік банк қаржыландырды. Қызылорда, Жалағаш, Сырдария және Шиелі ауданындағы тұқымбақта өсірілген көшеттер өңір климатына бейімделген. Үш мың гектар аумаққа ерте көктемде егілген жас көшеттер тамырын тереңге жайып келеді. Келер жылы тағы миллион дана сексеуіл егіледі. Жалпы, шөлейтті аймаққа төзімді ағаш 4-5 жылда табиғи түрде өсім алады.
Исатай Әбдіразақов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Негізі шығымдылығын есептейтін қағидасы бар. Сол қағидаға сәйкес күз айында жүргізілді. Осы жерде шығымдылық орташа 40 пайыз беріп тұр. Есептеу қағидасына сәйкес Қызылорда облысында 30 пайыз шығымдылық болса, ол 100 пайыз болып есептеледі.Өйткені біздің Қызылорда облысында шөлейтті аймақтар бар, сосын тұздылығы көп топырақ боп есептеледі.