Қызылорда облысында 32 шақырым электр желісі жаңаланды
Биыл Қызылорда облысында 32 шақырым электр желісі жаңаланды.
27 қосалқы станция құрылғысы ауыстырылып, 55 трансформатор қайта жаңғыртылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 3,7 миллард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Жаңақорған ауданындағы 167 шақырым электр желісі жаңадан салынып жатыр. Мұндай жұмыстар Амангелді, Шаған ауылдары мен Шиелі, Әйтеке би кенттерінде де басталды. Өңірде энергия ысырапын азайту ісі келер жылы да жалғасын табады. Ол үшін облыстық бюджеттен бір жарым миллард теңге бөлінеді. Осылайша электр желілерінің тозу деңгейін алдағы жылдары 15-20 пайызға дейін төмендету жоспарланған.
Болатбек Ысмағұлов, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Энергия ысырапы бұған дейін 20 пайыздай болатын болса, соны 14,9 пайызға дейін төмендейтін болады. Сонымен қатар биылғы жылға жалпы электр желілерінің тозуы 68 пайыз болса, жаңа айттық 3,7 миллард теңге қаржы бөлінді. Соған жұмыстар жүргізілді. Соның есебінен 2 пайызға төмендеді.