Заң үстемдігі – демократияның өзегі
Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады.
Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізген Президент осылай деді. Осы ретте саяси сарапшы Ерлан Ахмади Әділетті Қазақстанда тәртіп пен заң – идеологияның негізіне айналу керек деген пікірде. Яғни демократияға бет бұрған елде заң үстемдігі болу керек. Сондықтан осы бағытта жұмысты күшейтіп, қоғам болып елде заңдардың іске асырылуына ат салысу қажет.
Ерлан Ахмади, саяси сарапшы:
- Демократиялық мемлекет құрамыз деп айтқанда біз Батыс Еуропаның, АҚШ-тың заңдарын қараймыз. Сонымен қатар мүмкін дамыған Оңтүстік Корея бар, жапон мемелекеті бар дәстүрлі елдер. Оларда бұл мәселелер қалай шешіледі? Олар да Азиялық мемлекеттер, яғни біздің менталитетке ұқсас мемлекеттерде бұл қалай шешіледі? Тек бір елді мысалға келтірмей, Еуропаны, Азияны бірге қарап, саралап, біздің менталитетімізге, біздің дәстүрімізге, біздің заңдарымызға сай келетін бір жолын тауып, өзгерістер енгізу керек деп ойлаймын.