Алматы облысында медициналық көмек тегін көрсетіледі
Алматы облысында 10 мыңнан астам онкологиялық науқас диспансерлік есепте тұр.
Қатерлі ісік белгілерін анықтап, халық денсаулығын тексеру мақсатында онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарға жетті. Кешен сандық мамографиялық жабдықпен, ультрадыбыстық жүйемен және жоғары деңгейде зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған. Бір айда дәрігерлер Кеген, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында болып, 400-ге жуық адамға тегін медициналық көмек көрсетті. Мамандардың айтуынша тұрғындарды қан қысымының жоғарылауы, жүрек пен бүйрек аурулары мазалайды.
Әлия Ақжолтаева, Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
- Бұл шалғай ауылдарға үлкен көмек деп айтсам қателеспейміп. Себебі бұл шалғай ауданнан науқастардың қалаға жетуі кейбір жағдайда қиындық туындатып жатады. Сондықтан алғысымды білдіремін.
Ерік Жұмабаев, Шонжы қаласының тұрғыны:
- Әзір өзім түсіп шықтым. Алла бұйырьса нәтижесін ертең байқаймыз. Қалаға барғанша жақын арада, осы жерде тексеріліп мүмкіндікті жібермеу керек осындай.