IT секторды дамытудың айқын жолы
Мемлекет басшысы отандық IT экспортын 500 миллион доллардан 1 миллиардқа жеткізуді межелеп, еліміздегі ІТ-мамандардың, сарапшылардың, ғалымдардың күш-жігерін тиімді пайдалануды тапсырған болатын.
Бостонда білімін жетілдіріп жатқан IT саласының маманы Тимур Бектұрдың айтуынша, әлемдік дамыған елдермен тәжірибе алмасу арқылы IT секторын дамыту, нарыққа жедел шығу еліміздегі монополияға мұқтаждықтан түбегейлі арылтады. Инфрақұрылымды жетілдіріп, инвестицияны игілікке айналдыруға сеп болады. Ол үшін елдегі стартаптарға жайлы орта қалыпастыру маңызды. Ал мұхиттың ар жағындағы білкті қазақ жастарының жобасы елдегі IT саласын одан әрі дамытып, экспортты еселеуге мүмкіндік береді.
Тимур Бектұр, Бостон университетінің студенті:
- IT экспорты жағынан АҚШ мемлекеті немесе Еуропа немесе Оңтүстік Шығыс Азия елдері біз үшін жақсы перспектива деп ойлаймыз. Сондықтан да Мемлекет басшысының бұл бастамасы әрине құптарлық. Қазір бірнеше қазақстандық IT мамандары болып осы АҚШ-та жүрген жастардың стартап ашуға қандайда бір көмегіміз тиер ма екен деген мақсатта бір стартап қауымдастығын ашуды жоспарлап отырмыз.