Мектеп әжетханалары мәселесі қалай шешіледі?

Мектептердегі әжетханаларға қатысты жаңа талап келер жылдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ұлттық стандартқа сай білім беру мекемелерінде қыздарға және ұлдарға арналған жеке гигиена кабиналары болуы тиіс. Олар ғимараттың әр қабатында орналасуы керек. Тағы қызметкерлердің өздерінің де жеке дәретханасы болу талап етіледі. Бұл оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, - дейді жауаптылар. Бұдан бөлек, мектептерде ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін де тиісті инклюзивті талаптар ескеріледі. Әзірге бұл аталған стандарттарды мектеп басшылығы ерікті түрде енгізеді. Кейін талаптар барлығына бірдей міндетті болады, - дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері.

Айдана Берік, ҚР сауда және интеграция министрлігі департаментінің маманы:

- Ауылдық жерлерде далада орналасқан дәретханалар туралы жазылған. Яғни, балалар мектептің ішінен киімсіз шығып кетпеуді қарастырған толықтай. Яғни, мектептің ішінен шығаберісте туалетке қарай, дәретханаға қарай дәліз қарастырылады. Балалар жеңіл шықпас үшін, ауырмас үшін жеке дәлізбен дәретханаға өту қарастырылуы тиіс.