Абай облысында 2 ауылға интернет келді

Абай облысындағы 330 елді мекеннің 93-і интернеттің игілігін көре алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түйткілді мәселені шешу үшін өңірде жол картасы қабылданған. Оның шеңберінде 2027 жылға дейін аймақтағы ауылдардың 94%-ін сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Ал биыл 20-дан астам елді мекенге антенналық бағаналы құрылғы орнату көзделіп отыр.

Жақында Абай ауданының Саржал мен Медеу елді мекендеріне 4G және 3G интернет желісі қойылды. Жыл соңына дейін тағы да 3 ауыл ғаламторға қосылмақ.

Ерсұңқар Тұрарбеков, Саржал ауылының тұрғыны:

- Бізде ауылда 3 орында ғана интернет жүйесі болатын. Ұстайтын. Әсіресе мұғалімдерге, оқушыларға жұмыстарына кедергі жасайтын. Тіпті ауыл тұрғындарына да кедергілері болатын. Бізде интернет болғаны жалпы халыққа жақсы болды деп ойлаймын. Халыққа да, барлық маман салаларына да, барлығына өз игілігін тигізіп жатыр.

Жандос Сайлаубеков, Абай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Сонымен қатар жылдың соңына дейін Орда, Архат және Тоқтамыс ауылдарын интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бойынша  Орда және Архат ауылдарына 40 метрлік антенна бағандық құрылғы орнатылады. Халық саны 200-ден жоғары ауылдар мен елді мекендерді қамтамасыз етеміз толық.