Астаналықтар зорлық-зомбылыққа қатысты жасырын түрде ой бөлісе алады
«Шынымды айтсам...» Осындай атаумен Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында интерактивті арт-инсталляция ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда әркім зорлық-зомбылыққа қатысты ойларымен жасырын түрде бөлісе алады. Себебі елімізде жыл сайын әрбір 6-шы әйел түрлі қысымға ұшырайды. Өткен жылдың өзінде әйелдерге қатысты 61 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген.
Ұйымдастырушылар қауіпсіз аймақ ретінде сапаржайды арнайы таңдағанын айтады. Себебі мұнда күніне 60 мыңнан астам адам кіріп-шығады. Интерактивті қондырғы 10 желтоқсанға дейін қызмет етеді. Онда жиналған жазбалар жалпы әйелдер мен балаларға қатысты кемсітушілікпен күресуге бағытталған бағдарламаларға пайдаланылмақ.
Айнұр Баймырза, Қазақстандағы БҰҰДБ тиімді басқару департаментінің басшысы:
- Зорлық-зомбылықтың Қазақстанда болмауын және оған қарсы күресу керек екенін көрсеткіміз келіп отыр. Неге бүгін басталды? Негізі бұл – халықаралық практика. 23 қараша әлем бойынша 16 күн белсенді түрде осы туралы айтамыз. Бұл – БҰҰ шешімі.