М. Нәрікбаев атындағы университеті студенттерін қарсы алды

Елордада Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің бірінші курс студенттерін қарсы алу рәсімі өтті.

Екі мыңға жуық жас қатысқан салтанатты шара жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша университетке қарасты жоғары мектеп тәлімгерлері зияткерлік, әлеуметтік және шығармашылық байқауда бақ сынасты. Студенттер бірнеше ай бойы дайындаған жобаларын таныстырып, би және театр қойылымдарын көрсетті. Ең үздік команда арнайы кубоктың иегері атанады.

Руфат Гахраманов, М. Нәрікбаев атындағы университеттің профессоры:

- Бұл шараны университет ашылғаннан бері жыл сайын ұйымдастырамыз. Студенттер ауыспалы кубокке таласады. Бәсекелестік өте жоғары. Тіпті былтыр жеңімпаз атанған мектеп биыл жеңілсе, жыл бойы "Кубокты үйге қайтару керек" деп ұрандатады.