Елімізде жыл сайын әрбір 6-шы әйел түрлі қысымға ұшырайды
Зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтіліп, Қылмыстық кодекске енгізілуі қажет.
Астанада өткен дөңгелек үстелге жиналған құқық қорғаушылар осылай деді. Олардың айтуынша, зорлық, ұрып-соғудың кез келген түріне ауыр жаза қарастырылуы қажет. Сонымен қатар тұрмыстық қатігездікке ұшырағандарға қолдау керек, - дейді жиналғандар.
Елімізде жыл сайын әрбір 6-шы әйел түрлі қысымға ұшырайды екен. Өткен жылдың өзінде әйелдерге қатысты 61 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген. Сондай-ақ әйел құқығын қорғау және балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасы аясында ел бойынша 150 ауданда отбасы мен балаларды қолдау орталықтары ашылады.
Айман Омарова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның мүшесі
- Біздің ойымызша, біріншіден, криминализация болуы керек. Криминализация болмай, ешқандай өзгеріс болмайды. Қылмыстық кодекске енгізу керек. Жеке және мемлекет тарапынан айыптау болу керек. Жеке болса, әйел өзі дәлелдеп жүгіру керек. Өзі зорлық көрген әйел қалай жүре алады?!