Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар
Жетісу облысының Спорт басқармасы 4,5 млн теңгенің киіз үйін 13 млн теңгеге сатып алмақ болған.
Ол осы өңірдегі мәдениет үйі 250 мың тұратын желдеткішті 1,5 млн теңгеге алуды жоспарлап, бюджет қаражатын жымқырмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады. Мамандар мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіп бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Негізінен әкім аппараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары осындай жөнсіздікке жол берген. Аталмыш мекемелер нарықтық бағадан бірнеше есе артық сомаға мемлекеттік сатып алуларды іске асыруға тырысқан. Бірақ агенттіктің тексерісінен кейін, жоспар іске аспай, екі жылда 67 млрд теңге үнемделді.