Жамбыл облысында қызылша жұқтырғандар көбейді

Облыс орталығындағы 325 орындық аурухана 77 процентке толды. 

Күніне отыздан аса адам дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Өңірде қызылша 2400-дей адам індетке шалдыққан. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Эпидемиолог мамандардың айтуынша сырқаттанғандардың 86 проценті екпе алмаған. Денсаулық сақтау басқармасы орталық аурухананың жүктемесін азайту үшін, науқастарды жақын маңдағы үш аудандық аруханаға орналастыруда.

Ерік Мұсабаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Республикалық бюджеттен қосымша Жамбыл облысына 95 мың 850 вакцина беріліп жатыр. Екпені салдырып шықсақ, осы аурушаңдық басылады және осы ұжымдық иммунитет қалыптасады.