«Құқықтық тәртіп» операциясы: 337 келі есірткі тәркіленді
«Құқықтық тәртіп» республикалық операциясын жүргізу кезінде ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді.
Мәселен, Алматы облысының және Алматы қаласының екі тұрғыны жеке үйдің аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан.
Сондай-ақ Алматы-Абай, Жамбыл, Қарағанды облыстарында есірткі заттарын тасымалдағандар ұсталды.
Сарқытбай Құсайынов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:
- Жедел-профилактикалық іс-шараның 10 күнінде полиция заңсыз айналымнан 337 келі түрлі есірткі, оның ішінде 87 келі синтетикалық есірткі және 7 мыңнан астам трамадол дәрілік препараттың таблеткасы тәркіленді.