Жұмыртқа бағасы тұрақтайды

Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы мен Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы бірлесіп меморандумға қол қойды.

Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде С1 санатындағы  жұмыртқа бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ одақ пен қауымдастық өкілдері отандық құс фабрикаларымен бірлесіп, мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл болады. Жауаптылар күнделікті баға мониторингін жүргізіп отырады.