Елімізде реставратор мамандар жетіспейді
Елімізде кітап реставраторларын даярлайтын оқу орыны жоқ.
Бұдан кадр мәселесі туындап отыр. 3 жылда мұнда 60 кітап қана қалпына келтірілген.
Бүгін елордада бас қосқан кітап реставраторлары осындай мәселе көтерді. Астанада ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырып, ортақ проблемаларымен бөліскен олар келер жылы халықаралық ауқымда үлкен шара ұйымдастырмақшы. Ұлттық орталық мамандары шетелдік тәжірибені меңгеру маңызды.
Жандос Болдықов, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі қолжазбалар және сирек кітаптар ҰО директоры:
- Шынын айтсақ, бұл өте үлкен іс-шара. Себебі мұның маңыздылығы өте үлкен, біздің елімізде құжааттарды, сирек кітаптарды болашақ ұрпаққа сапалы қалдыру үшін міндетті түрде жоғары деңгейде реставрация жасау керек.