Астана агломерациясын дамыту
Ақмола облысының 214 мың тұрғыны күн сайын Астанаға қатынап жұмыс істейді.
Мәселен, бас шаһар іргесіндегі Қосшы қаласында ресми статистика бойынша 52 мың адам тұрады. Ал іс жүзінде ондағы халық саны екі есе көп. Көпшілік сапалы білім мен медициналық қызмет алу үшін елордаға келіп, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеледі. Соның салдарынан Ақмола облысының бюджетіне түсетін демеуқаржы көлемі кісі басына шаққанда екі есеге азайып отыр. Олқылықты түзеу үшін өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Осы мақсатта кешенді жоспар да түзілді. Енді жобаны қаржыландыруға шамамен 3 трлн теңге қажет. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов айтты. Тағы өңір басшысы бағаны тұрақтандыру қамын сөз етті.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Біздің тұрақтандыру қоры арқылы сүт пен ұн шығаратын мекемелерге біз қаржылай көмек жасаймыз. Бағасын көтермеу үшін. Сондықтан осы таңда баға Ақмола облысы мен Көкшетауда тұрақты.