Шалғай өңірлерге медициналық көмек
Саламатты Қазақстан жобасы аясында биыл 89 мыңнан астам ел тұрғыны медициналық көмекке жүгінді.
Оның 20 мыңға жуығы балалар. 2010-жылдан бері шалғайдағы өңірлерге барып, тұрғындарға көмек көрсететін медициналық пойыз биыл 8 ай тоқтаусыз жұмыс істеген. 17 облыстың шалғай өңірлерін қамтыды. Мамандар жиыны 195 мыңға жуық консультация өткізіп, пойыздың арнайы жабдықталған бөлігінде 11 мыңнан аса шағын хирургиялық ота жасады. Жобаның биылғы ерекшелігі тұрғындарға құқықтық, медиациялық қызметтер де көрсетілді. 10 мыңдай адам көмек алды. Барлық қызмет тегін. Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендердегі жол, су, экология, инфрақұрылымдық түйткілдер бойынша да тұрғындардың шағымы қабылданды.
Гүлнәр Сәрсенбаева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары:
- Пойыздың жүргені графика бізде болды тіркелген. График бойынша әр-елді мекенді хабарласып, халыққа айтамыз, осындай уақытында, осындай күнде пойыз келеді. Пойыздың қызметкерлері до последнего пациента прием жасады. Енді если пациенттің жағдайы нашар болса, или экстренный помощь керек болған кезде, ондай пациенттерді уже қалаға жіберетін. Ондай случай единичный случай болды. В основном плановый осмотр жүргізілді. Жоспарлы түрде.