Сенатор: мектеп асханаларын ескертусіз тексеру керек

Мектеп асханаларын ескертусіз тексеру керек. Себебі жаппай астан уланудың алдын алу мүмкін емес.

Тиісті тексерістер тек ұшыну дерегі анықталған жағдайда ғана жүргізіледі. Бүгін Сенатта мектептегі дұрыс тамақтану мәселесі көтерілді. Депутат Ақмарал Әлназарова тамақтандыру стандарты мектептердің 20 пайызында ғана сақталатынын жеткізді. Мәселен, соңғы төрт жылда 425 оқушы астан уланған. Бұған мектеп асханаларындағы санитарлық талаптардың қадағаланбауы себеп. Сенатор: «Оған қоса асхана жұмысшыларының денсаулығы жіті тексерілмейді», - дейді. Депутат мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ағзасының нутриенттік жағдайын тексеруге де мән берді.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Өйткені тамақ арқылы бойға сіңетін бірнеше дәруменнің жетіспеушілігінен балалардың дене бітімі ғана емес ақыл-ойы дұрыс дамымайды. Мысалы, кальцийдің тапшылығынан сүйек тіндерінің массасы жетілмейді. Өскен кезде мұндайда жамбастың сыну қаупі 1,5 есе ұлғаяды. Оқушылардың бойындағы микронутриенттерді тексеру соңғы рет 2016 жылы жүргізілген. Оның өзінде 2 облыста ғана. Халықаралық тәжірибе саналатын бұл мониторингті қайта қолға алып, бүкіл елде бес жылда бір өткізген жөн.