Түрмеде отырған бұрынғы лауазымды тұлғаға мемлекеттік бағдарламамен баспана берілген
Ақмола облысында пара алып, түрмеде отырған бұрынғы лауазымды тұлғаға мемлекеттік бағдарламамен баспана берілген.
Мұны прокурорлар анықтады. Әлеуметтік осал санаттағы жандарға арналған пәтерді тағы екі адам заңсыз иемденген. Ең сорақысы, жеңілдікпен алған үйді жалға беріп, пайда тапқан. Соңғы үш жылда қалалық әкімдік 900-ге жуық отбасыға пәтер берген. Қазір облыста 23 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Құзырлы орган өкілдері негізгіз тұрған және заңсыз баспана алған 23 адамды анықтады.
Фаризат Дайыр, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
- Коммуналдық тұрғын үйді заңсыз жалға беру, сонымен қатар бюджетке 50 млн.теңгеге жалдау төлемдерін төлемеу, оған қоса, табыстарын алдын ала тексермей, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй қорынан үй беру фактілері анықталды. Бүгінгі күнде аталған тұрғын үйлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар қайта бөлінеді.