Жол жауапсыздықты көтермейді
Жамбыл облысында көлік жолдарын күтіп ұстауға жауапты 343 лауазымды тұлғаға 13 миллион теңге айыппұл салынды.
Бұл өткен 11 айдағы тексерістің нәтижесі. Жол-техникалық инспекция 20 мың шақырымнан асатын автожолды тексеріп, 15 мыңға жуық ақау тапқан. Коммисия кемшіліктерді жою үшін жол ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдарға 2500-ге жуық нұсқама жолдаған. Ал талапқа құлақ аспағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Тараз қаласының жолға жауапты бөліміне 19 рет айыппұл салынған. Сонымен қоса Меркі және Шу қаласы әкімдігінің жұмысынан да біраз кемшілік анықталды.
Еркеғали Қалман, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
- Республикалық маңызы бар жолдарда, жолдардың отыруы, шұңқырлықтар жол белгілерінің болмауы, қисаюы, ескіруі. Қалалық елді мекендерде бағдаршам нысандарының жұмыс істемеуі. Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әр орындалмаған нұсұаулықтар бойынша 300 мың теңге шамасында айыппұлдар салынып жатыр.