Елорданың келбеті көркейеді
Астананың келбеті көркейе түседі.
Келесі жылы Мәңгілік ел көшесінің бойы мен "Ханшатырдың" айналасын көгалдандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ бір стильдегі көше жиһаздары, көлеңкелі шатырлар мен өзге де құралдармен безендіріледі. Бас шаһарды абаттандырудың 2035 жылға дейінгі жоспарында қамтылған міндеттердің бірі осы. Одан бөлек, алдағы үш жыл ішінде 600-ге жуық жаяу жүргінші жолы мен саябақ салынады. Жасыл желек алабын көбейту де жоспарда бар.
Елнар Базыкен, урбанистика орталығының басшысы:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша 1 адамға 50 шаршы метр жасыл желек керек. Қазір бізде бұл көрсеткіш 14 шаршы метрге тең. Біз әлемдік стандартқа сай болу үшін жұмыс істейміз. Сондықтан биыл көгалдандырудың арнайы жарғысын қабылдадық. Құрылысшылармен де байланысты күшейтеміз. Нәтижесінде тұрғын үйлердегі жасыл желек алабын 2,5 есе ұлғайттық.