Риддерде Хариузовка өзенінің тасу себебін арнайы комиссия тексереді

Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, шаһар ішімен ағатын Хариузовка өзені өткен түні  арнасынан асып, екі үй мен алты ауланы су басты. Жедел штаб құрылып, түннен бері жұмыс жасап жатыр. «Баспаналар мен аулаға жайылған су сорылды. Енді үйдің іргетасын кептіру керек», - дейді мамандар. Қала басшысының айтуынша бұл жағдайға жергілікті су электр станциясының  қоймадан шамадан тыс су босатуы себеп болуы мүмкін. Қар мен қатқан мұз да кесірін тигізіп, соңы осындай жағдайға ұласқан. Бастысы қазір қауіп сейілді.

Дәулет Батырбаев Риддер қаласының әкімі:

- Бұл дерек бойынша комиссия толыққанды тексеру жүргізетін болады. Кіналы тараптар нақты анықталса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Қазір тұрғындарға қауіп жоқ. Олар эвакуациялық пункте барудан бас тартты. Су деңгейі төмендеді. Енді шығын көлемі есептеліп жатыр.