«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылды
Атажұртқа оралып жатқан ағайын көп.
Дүниеге сәбилер келіп жатыр. Бірақ халықтың өсіміне бұл да аздық етеді екен. Өйткені елде әрбір алтыншы отбасы – бедеулікке ұшыраған. Бұл ресми статистика. 15 мың ерлі-зайыпты дәл осы диагнозбен есепте тұр. Қайтпек керек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бері «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Осы арқылы 21 мыңнан астам отбасы экстракорпоральды ұрықтандыру жасатқан. Нәтижесінде 10 мың сәби дүниеге келді. Алдағы жеті жылда тағы 49 мың отбасы мемлекет есебінен осындай экстракорпоральды ұрықтандыру жасата алады. «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылды. Жалпы елде алғашқы экстракорпоралды ұрықтандыру зертханасы 28 жыл бұрын ашылған екен. Содан бері 22 мыңнан астам бала дүниеге келген.