Биыл Ақмола облысында 200 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысында биыл 200 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Басым бөлігі шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің ұзақ мерзімге жалға алған жайылым және шабындық алқаптары. Прокурорлар ауылшаруашылық мақсатындағы телімдердің игерілмей жатқанын анықтады. Құзырлы орган өкілдері «жер заңы аясында» жобасын іске асырды. Нәтижесінде бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды. Қазір облыс бойынша жайылым тапшылығы 400 мың гектар.
Айдос Майлыбаев, облыс прокуроры:
-Жыл басында облыс бойынша жайылым тапшылығы жарты миллион гектарды құраса, бүгінде прокурорлардың ықпалымен 77 елді мекендегі жайылым жетіспеушілігі 127 мың гектарға азайды. Жалпы 3 мыңға жуық пайшылардың құқығы қорғалды. Олар банктерден кепілдіктерден алынды, қайта тіркеу, дивиденттерді арттыру және тағы басқа мәселелер бар.