Елдің 8 өңірінде жол жабылды

Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды 24KZ.

Бас-аяғы 31 учаскеде көліктің барлық түрі бойынша шектеу енгізілді. Атап айтсақ, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қатынасы тоқтады. Қазір жолды ақ қар, көк мұздан тазалауға 407 техника жұмылдырылды.

Махамбет Маратов, «Казгидромет» РМК инженер синоптигі:

- Жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық сақталады. Атлантика аудандарынан тағы бір циклон, қар және жаңбыр түрінде көктайғақ құбылыстары және де бұрқасын мен желдің күшеюі түрінде келеді. Күндізгі ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз, 2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2 7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз шамасында болады деп күтіліп отыр.