Жезқазғанның кішкентай тұрғыны Қ. Тоқаевтан сыйлық алды

Жезқазғанның кішкентай тұрғыны Александр Лознухо жаңа жыл қарсаңында Президенттен сыйлық алды, деп хабарлайды 24KZ.

Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Мемлекет басшысына хат жолдапты. Онда 7 жасар бала ән айтып үйренетін микрофон мен дыбыс зорайтқыш құрылғы болса деген арманын айтқан. Бала тілегін Қасым-Жомарт Тоқаев жерде қалдырмады. Президент жолдаған сыйлық балаға табысталды. Ол жаңа құрылғымен достарына арнап ән шырқады. Жақында республикалық  байқауда үздік атанған Александр Димаш Құдайберген сияқты танымал әнші болғысы келеді

Александр Лознухо, балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі:

- Көп-көп рақмет! Маған сыйлық ұнады. Мен өскенде әнші боламын.