Ұлттық құрылтай – төл диалог алаңы
Жыл сайын жаздыгүні шақырылатын ұлттық құрылтай биыл көктемде өткізіледі.
Президент осылай экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдарын бірінші тоқсанда-ақ айқындау маңызды екенін айтты. Төл диалог алаңы бұл жолы Атырау облысында болады. Сарапшылар дәстүрлі жиынның жаңа жетістіктерге жол ашарына сенімді. Келелі кеңесте түрлі түйткілдер талқыланып, көпшіліктің ұсыныс-пікірі негізінде ортақ шешім қабылданады.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
- Әлемдік геосаяси жағдай өте күрделі кезде, қоғамдық-концолидация, елді біріктіру, елдің ішіндегі мәселелерді ашық айту, диалог алаңы және айтып қана қоймай, сол мәселелерді нақты жүзеге асыру және шешу. Осы бағытында құрылтайдың маңызы ерекше деп айтуға болады. Экономика саласында Президентіміз нақты басымдықтарды белгілеп берді. Яғни біз алдағы уақытта 2029 жылға дейін ІЖӨ-ні екі есеге дейін көтеруіміз керек. Бұл Қазақстанның алдына қойып отырған үлкен мақсат.