Сенаторлар әскери құрылымдарды аралады
Жетісу облысында құрылған аумақтық қорғаныс резервтік бригадасы кеңейтіліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Соған байланысты 100-ден аса адам жаңадан қызметке қабылданады. Олар стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Саланы жасақтау жұмыстарымен Сенат депутаттары да танысты. Сонымен қатар әкімдіктің тиісті басқармасы мен шекара шебіндегі әскери бөлімдерді аралады. Ел тыныштығын күзеткен сардарлардың жай-күйін көріп, ұсыныстарын тыңдады.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ұсыныстарды жинақтап, қай жерде заңға өзгерістер енгізу керек. Біз өзіміз жұмыс жасаймыз. Ал енді министрілік тарапынан шешіле салатын нәрсе болса, министрліктермен сөйлесеміз де, ол мәселелерді шешіп, соны бақылауға аламыз.