Жетісулық шебер жануарларды ағаштан айнытпай жасайды

Жетісу облысында жан-жануарлардың басын ағаштан жасап, оған мүйіз орнатып, қабырғаға ілетін

ерекше туынды жасайтын шебер тұрады. Мақсат Досатаев бұл өнерін бастапқыда көңіл қалауы ретінде жасаған. Ал қазір бар білгенін оқушыларға үйретіп, оларды ұлттық өнерге баулып жүр.

Мақсат Досатаев таутекенің бас мүсінін екі аптада жасап шыққан. Шығармашылығына ерік берген шебер артынша арқар сынды өзге де жануарларды ағаштан ойды.

Мақсат Досатаев, қолөнер шебері:

- Өзім бірдеңе жасайын десеп екі үш күн оқталып жүрем. Әйтеуір бір шабыт келеді, скл сол кезде бас салып содан нәтиже шығаруға тырысам. Ағашпен жұмыс жасағанда өзім бір ләззат аламын. Бір демалыс алам.

Ойым да бәрі соған беріліп ұмытып кететін сияқтысың. Нәтижесінде неше түрлі заттар шығады.

Бастапқыда шебер бұндай бұйымдарды өз үйінде жасаған. Кейін туындылары аудандық, қалалық, облыстық, көрмелерге қойылады. Сол кезде білім бөлімінің басшылығы өнер мектебінде сабақ беру туралы ұсыныс білдірген. Содан бергі 12 жылда ол алғашқы әскери дайындық пәнімен қатар балаларды қолөнерге баулып келеді.

Ұстаздың оншақты оқушысы бар. Сардар Жақыпбек сынды шәкірттері ағашпен қатар ермексазбен жұмыс істеуді меңгерген. Ол суреттегі кейіпкерлерін айнытпай жасайды.

Сардар Жақыпбек, шәкірті:

- Мына кейіпкер ол «Год оф уор» деген 2023 жылы шыққан. Кратус деген персонаж. Ал мынау спарталық жауынгер. Ермексазбен жұмыс жасаған өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі бұны жасаған кезде аса сабырлық керек. Пластелинмен жасаған адам ол любой жұмысты істесе өте зейінмен аккуратно қарайды да жұмысқа.

Елуді еңсерген Мақсат Досатаев алты баланың әкесі. Ұлы Ерқанат әке жолын жалғастырып келеді.

Ерқанат Мақсатұлы, ұлы:

- Мен бала кезден бастап әкемнің жасап жүргенін көріп қызықтым. Меғн осы күнге дейін жиырма мүсіндей жасап болып қалдым. Мен әртүрлі мүсін жасағам, жылан, түйе, елік. Ал қазір мен қымыз құятын ожау жасап жатырмын. Үш-төрт сағатта бұл жұмыс бітіп қалады.

Оныншы сыныптың оқушылары келесі жылы мектепті тәмәмдаған соң білім қуып қалаға кетеді. Ал қолөнер шебері жеткіншектердің келесі легін қабалдап оларға да сан ғасырдан бері жалғасқан ұлттық өнерді үйретуге кіріседі.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов