«Алматы тазалық» коммуналдық кәсіпорнының басшысына айып тағылды
«Алматы тазалық» коммуналдық кәсіпорнының басшысына пара алды деген айып тағылды, деп хабарлайды 24KZ.
Күдікті мердігер ұйым өкілінен 2,7 млн теңге көлемінде қаражат алған болуы мүмкін. Жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа бағытталған. Қазір күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.