Абай облысында 102 адам қызылшадан емделіп жатыр

Балалардың көбі 14 жасқа дейінгі балалар.

Олардың 70 проценті вирусқа қарсы екпе алмаған.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір өзін өзі емдейтіндер көбейген. Ыстық түсіретін дәріні шектен тыс қолданатындар бар. Абай облысының бас балалар инфекционисті жергілікті халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Дәрігерлердің айтуынша, көптеген ата-ана баланы үйде емдеймін деп жағдайды одан әрі ушықтырып алады.

Имдат Эфендиев, облыстың бас балалар инфекционисі:

- Егер сіздер баланың ыстығы түспей, аяқ-қолы суық тартқанын байқасаңыздар, өз беттеріңізбен емдемеңіздер. Парацетамол мен ибуфенді үсті-үстіне берудің қажеті жоқ. Парацетамолдан уланған жағдай да тіркелді. Екі апта бұрын бір бала осылай ауруханаға түсті. Сондықтан мұнымен көп әуестенбеңіздер.