Абай облысында бұрынғы мейрамхана балабақша етіп берілді
Абай облысының Ақсуат ауданында 170-ке жуық бүлдіршін балабақша кезегін күтіп жүр.
Аудан орталығы Ақсуат ауылында бұған дейін тек екі балабақша болған. Жуырда оның қатары 65 орындық нысанмен толықты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бұрынғы мейрамхана мектепке дейінгі білім беру мекемесіне айналып, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Өңірде 6 мыңнан астам бүлдіршін кезекте тұр. Мәселені шешу үшін 2027 жылға дейін 9 балабақша салу жоспарланған.
Саят Садуанов, балабақша құрылтайшысы:
- Ауылымызда, ауданымызда жастарымыз көп. Құдайға шүкір, жас жанұялар көп. Енді олардың балаларын қамтымасақ, көші қон, жастарымыздан, ауылдан айрылып қалатын да жағдайымыз бар. Кластар жасап қойдық. Білім беру орталығы. Осыдан шыққан түлектеріміз, басқа да балалар келіп білімдерін бір орталықта көтереді мысал үшін. Ол жерде математика болады, өнер болады, шахмат болады.