«Қазақстан халқына» қорына 2 жылда ₸196,6 млрд жиналды
«Қазақстан халқына» қорына 196 млрд теңгеден астам қаржы түсті.
Қомақты қаражатты заңды және жеке тұлғалар құйған. Былтыр қорға “Самұрық Қазына” акционерлік қоғамынан 20 млрд теңгеден астам жарна аударылған. Бүгінде қордың бастамасымен 67 қайырымдылық жобасы бекітілді. Осы мақсатқа 177 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр. Қайырымдылық қордың басшысы Болат Жәмішев қатерлі ісік ауруларымен күреске биыл 39 жарым млрд теңге жұмсалатынын жеткізді. Денсаулық сақтау саласында 12 ауқымды бағдарлама іске асып жатыр. Сирек дертке шалдыққан 400-ге жуық науқасқа қымбат дәрі-дәрмек жеткізілген. 25 пациент шетелге ем қабылдауға жіберілді. Сондай-ақ, 19 аймақты балалар нейрохирургиясына қажетті жабдықпен қамту үшін 3,4 млрд теңге бөлініп отыр. Енді «Қазақстан халқына» қоры білім беру, мәдениет, спорт салаларына да әлеуметтік қолдау көрсетпек ниетте.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Жалпы 4401 өтінімдерді шешімін шештік. Көбірек түскен сұрақтар оңалту мәселесі болды. Біз барлығын зерттеп қорағанда ауылда тұратын ерекше балалар облыс орталығына жете алмай жатқан жағдайлар бар. Осы оңалту орталықтарды заманауи, әлемдегі стандартпен жасайтын шешім қабылдап, қамқоршылық кеңесі бізге бекітіп, енді біздің жұмысымыздың бағыты аудандағы оңалту мәселесі. Жалпы енді көптеген мәселе әлеуметтік.