Шетелдік көліктерге шектеу қойылды
Елімізде рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым салынды.
Шектеу жарты жылға созылады. Былтыр шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімі аяқталған болатын. Оның ішінде оң рульді темір тұлпарлар да бар.
Айталық, осы уақытқа дейін осындай 22 мың көлік заңдастырылған. Тек Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төрт кеден бекеті арқылы соңғы екі жылда 52 автокөлік әкелінді.
Дамир Нұрғалиев, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:
- Көліктердің көбі Ресей мен Владивостоктан және Жапониядан әкелінді. Кейіннен Омбы мен Новосибирсктен тасымалдана басталды. Шеттен келетін осындай көліктердің басым бөлігінің рөлі оң жақта орналасқан. Жалпы мұндай темір тұлпарларға елімізде бұрыннан тыйым салынған.