Агенттік Руслан Қасыбаевқа қатысты сот шешімімен келіспейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Руслан Қасыбаевқа қатысты шығарған соттың шешімімен келіспейді.

Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты. Оның сөзінше Сот Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің экс-басшысын ақтап шыққан. Қазір Бас прокуратура осыған қарсылық білідіріп, құжат дайындап жатыр.

Еске салсақ, Руслан Қасыбаев мердігер ұйымға орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төлеп, техникалық қадағалаудың қорынтыдысы жария болмай тұрып, қаланың өрт сөндіру бөлімін пайдалануға берген. Осылайша қызметін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Руслан Қасыбаев Қылмыстық кодекстің 366-шы бабының 3-ші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған болатын. Алайда Сот оны ақтады. Біз Соттың мұндай шешімімен келіспейміз.

Алматыдағы дабыл жүйелері тексеріледі

Сондай-ақ Агенттіктің ресми өкілі Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қосылмаған сейсмикалық дабыл жүйелеріне қатысты бірнеше шағым түскенін айтты. Бұл тұрғыда ведомство тексеру жұмыстарын бірден бастап кеткен.