Жетісу облысында шаруалар көктемгі дала жұмыстарына дайындалып жатыр
Жетісу облысының дихандары биыл 420 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын себеді.
Науқанды ойдағыдай өткізу үшін шаруалар көктемгі дала жұмыстарына дайындалып жатыр. Негізінен бұзылған көліктерді жөндеп, соқа, тырма сынды агрегаттарын да сақадай сай етпек. Аймақтағы 16 мыңнан астам қожалықта 20 мыңнан аса техника бар. Соның 61 проценті ескі. Оларды жаңарту үшін жеңілдетілген несие беру қарастырылып отыр. Жоспар бойынша биыл 600-ге жуық трактор мен комбайн сатып алу көзделген. Дала еңбеккерлері қар көбесі сөгілген соң егістік алқаптарға соқа салады.
Арғынбай Кенжебаев, шаруашылық басшысының орынбасары:
- Касемсоттардың өзі бесеу, американец Джон дир бар. Бұлардан алтау бар. Қалғаны россиский МТЗ-лар. Олардың әрқайсысында агрегаттары бар. Тырмалары бар. Олардың барлығы қазір жасалып жатыр. Көктемде дайын болу керек.
Ержан Шағылбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Көктемгі дала жұмыстарына 20109 техника қатысады. Бүгінгі таңда оның 81 пайызы жөндеуден өткен. 16292 бірлікті құрайды. Көктемгі дала жұмыстары басталғанша 100 пайыз дайын болады.