Алматы байланыс қызметін тұтынудан бірінші орында тұр
260 млрд теңге. Былтыр қазақстандықтар ұялы байланыс қызметіне осынша қаржы жұмсаған екен.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жалпы байланыс қызметінің көлемі 7 пайызға артып, 1 трлн 200 млрд теңгені құрапты. Мобильді байланыстың тарифі өсіп жатыр. Мұндағы көкейкесті мәселе сапасында ғой. Құны артқанымен сапа жақсарар емес. Сарапшылар бұл жөнінде не дейді?
Ұялы байланыс операторларының техникалық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Жалпы тарифтің 57 пайызға дейін өскені белгілі. Сол себепті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тиісті тергеуді бастады. Ал баға неліктен күрт өсті? «Бұл нарық» айдары.
Республикадағы байланыс қызметінің тең жарымы Алматы қаласында көрсетілген. Ұлттық статистика бюросының ұсынған мәліметі осындай. Жалпы оңтүстіктегі шаһар халқы пошта, курьерлік қызмет, стационарлық телефон қызметі сияқты байланыс қызметін ең көп тұтынады. Оның көлемі былтыр екі пайызға артып, 685 млрд теңгені құраған. Бас шаһарда 15 пайыздық өсім тіркелді. Сөйтіп, астаналықтар 309 млрд теңгенің қызметін тұтынған. Қарағанды облысы 7 пайыздық өсіммен озық үштікті түйіндеп тұр. Облыс тұрғындары 23 млрд теңге жұмсаған. Ал Түркістан мен Қызылорда өңірлерінде 8,5 млрд-тан ғана келеді. Күнгейдегі халық байланыс қызметін аса көп пайдаланбайтын көрінеді.
Бір қызығы, Қазақстандағы ұялы байланыс қызметінің 88 пайызы Алматының үлесіне тиеді. 2023 жылғы мобильді байланыстың ақшаға шаққандағы көлемі 260 млрд теңгеге жуықтаған.
Мына кестеден көріп тұрғандарыңыздай, ұялы байланыс қызметі үшін Алматы халқы 230 млрд-қа жуық қаржы шығындады. Астанада бұл сома 30 млрд-қа тақаған. Есесіне Маңғыстау облысының тұрғындары 78 млрд, Атырау өңірінің халқы 45 млрд теңгенің қызметін тұтыныпты. Жамбыл облысындағы мобильді қызметке 18 млрд қаражат жұмсалды.
Ұялы байланыс қызметінің көлемі (2023 ж.)
Алматы – ₸229,8 млрд
Астана – ₸29,8 млрд
Маңғыстау облысы – ₸78 млрд
Атырау облысы – ₸45 млрд
Жамбыл облысы - ₸18 млрд
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, желтоқсанда интернеті қосылған ұялы байланысы бар 17 млн 927 мың абонент тіркелген. Қараша айында 40 мыңға артық болған еді.
Сонда 40 мың тұрғын ұялы байланыстан бас тартқан ба? Оған не себеп болуы мүмкін?
Бұның нақты себебін білмедім. Әйтесе де мынадай тұжырым бар: 18 млн жуық абонент тіркелді дейміз ғой. Оның арасында бір емес, екі симка ұстайтындар баршылық. Мобильді байланыстың тарифі көтерілген соң, қаржыны үнемдеу мақсатында кейбірі бір ғана байланысқа көшуі мүмкін.
Тарифтік жоспар неге қымбаттады?
Былтыр тарифтік жоспар бойынша 57 пайыздық өсім тіркелген. Ұялы байланыстың қызметі мамыр мен шілде аралығында 30 түрлі тарифтің құны қымбаттады. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне 200-дей шағым түскен. Құзырлы орган бұл жағдай бойынша тергеуді бастады.
Жанна Қабдолдақызы, Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті директорының орынбасары:
- Ұялы байланыс операторларының өзара келісіп, тарифті бір уақытта көтергенін анықтадық. Сонымен қатар, абоненттерге кей тарифті қосқызуға тырысады. Мысалы, бағаны көтерген соң қосымша қызметті қостыруды ұсынады. Азаматтар көбіне осындай сипаттағы шағым түсірген.
Ал байланыс операторларының бұған қатысты мынадай уәж келтіреді.
Айнұр Күзербаева, "KCell" байланыс операторының PR директоры:
- Біз үш жыл бойына мораторий болған бізде. Біз тарифтерді үш жыл бойына мүлде көтерген жоқпыз. Түрткен жоқпыз. Сондықтан да бұл үш жыл бойы қолмен мәжбүрлі түрде ұстап отырғандықтан. Көптеген шығындарға алып келді де бұл. Сондықтан біз осы жылдан өктеруге мәжбүр болдық. Бұл тек қана біздің тариф емес, коммуналдық төлемдердің де артып жатқаны өздеріңізде көріп отырсыздар ғой.
Ұялы байланыстың тарифтік жоспарын түзуде бірнеше фактор ескеріледі. Оған базалық стансаның құны, оны орнату, орнатылған жердің жалдау құны кіреді. Сарапшысы сөзіне құлақ түрсек.
Нұркен Халықберген, сарапшы:
- Әрбір жаңа телефон, әрбір жаңа байланыс құралына қызмет көрсету үшін техникалық талаптар жоғарылай береді. Сол себепті ұялы байланыс операторлары жаңа жабдықтар алуға міндетті. Мүлтіксіз байланыспен қамтамасыз ету үшін жыл сайын айти шешімдер мен бағдарламалық қамту түрлері жаңарады. Мысалы, бір телефон қоңырауын қамтуға 17 түрлі жүйе іске қосылады. Бұның бәрі оператордың мойнындағы шығын. Өйткені қажетті құрал-жабдықтарды шеттен алдырады. Доллар өсіп, теңге әлсіресе сәйкесінше ол құралдардың барлығы қымбаттай береді. Бұл да байланыс бағасының өсуіне әкеп соғады.
Қайткен күннің өзінде мобильді операторлардың тарифті өздігінен орнатуға құқығы бар. Байланыс жөніндегі заңға осыған мұрсат береді. Бірақ тарифтік жоспарды өзгертпеС бұрын, операторлар тұтынушыларды бір ай бұрын ескертуге міндетті.
Баға өссе, сапа да сәйкесінше жақсаруы тиіс қой.
Ұялы байланыс операторларының сөзінше, соңғы үш жылда трафикті пайдалану 60 пайызға дейін артты. Ал трафик артқан сайын операторлар техникалық жабдықтарға инвестицияны көбірек құйып, базалық станциялардың санын ұлғайту керек. Бір станцияны орнатуға шамамен жарты жыл, 9 ай кетеді екен. Оған қоса радиофобтар да операторлардың бұл бағыттағы адымын аштырмай отыр.