Қызылорда - Жезқазған жолы қашан жөнделеді?

Ұлытау облысын көрші аймақтармен жалғайтын жолдар сапасы сын көтермейді.

Әсіресе Қызылорда-Жезқазған тас жолының жағдайы тіпті нашар. Жолдың Қызылорда облысына қарасты бөлігінде жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын басталды. Ал Ұлытауға тиесілі аумақта әлі қозғалыс жоқ.

Бағаны базар билейді. Өңірде қымбатшылыққа қарсы инфляциялық процестерді тежеу мүмкін болмай тұр. Өзге тауарларды былай қойғанда, үнемі бақылауда тұрған әлеуметтік маңызға ие азық-түлік те қымбаттап барады. Мысалы, жыл басынан бері жұмыртқа, тауық еті, сұйық май секілді ең қажет деген тағамдардың бағасы өскен. 

Фархат Нұрдәулетов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

- Жер жолмен келетін болғаннан кейін бізде, өздеріңіз білесіздер, олдың сапасы өте нашар. Қызылорда жолы, әсіресе қар еріген кезде көптеген тауарлар жолда тұрып қалад. Ондай да жағдайлар болып тұрады. Сондықтан, ең басты себебі логистика.

Оңтүстік пен орталықты тікелей жалғайтын Қызылорда-Жезқазған жолын жөндеу ширек ғасырдан бері шешімін күтіп келеді. Жол азабын тартқан тасымалдаушылар әрине тауар бағасына үстеме қосады. Сапасыз жол өңірлер арасындағы жолаушылар қатынасына да қиындық тудырып отыр. 

БЛИЦ

- Жолдың сапасын білесіздер, жол жоқ десе де болады. енді Қызылорда жақ беті істеп жатыр. бері қарай жоқ.

- Бәлен жыл болд, сапасы нәшар ғой. Жөндеу керек, істеу керек. Уәде беріп жатыр ғой енді. Істейтін шығар деп ойлаймыз.

- Бір барып келесің 30-40 мың шығындаласың. Ходовканы істейсің. Ана жақпен айналып өтейін десең, ол жақ алыс боп кетед. Осы жол қашан істеледі деп күтіп жүрміз ғой. Құдай қаласа істеледі деп халықтан естиміз. 

Жолдың тең жартысы Қызылорда облысына қарасты. Ол жақта жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Ұлытау облысына тиесілі 208 шақырымы бойынша былтыр екі мәрте байқау жарияланғанымен қымбатшылыққа байланысты сәтсіз болды. Жол жөндеуге кететін 90 млрд теңгені «Азия даму банкі» қарызға беріп отыр.

Сұңғат Рақымжанов, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ облыстық филиалының директоры:

- Үшінші рет конкурс жарияланып, 12 қазанда вскрытие конвертов боп, қазір мердігер анықталып жатыр. 14 мердігер қатысқан. Қазір «Азиатский банк развитиямен» олардың ережелеріне байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. осы жұмыстар біткен соң мердігер анықталып, тиісті жұмыстар басталады. Май айына жоспарлап отырмыз.жазда жұмыстар басталады деп отырмыз

Қызылорда жолынан бөлек Ұлытауды Қарағанды облысымен және Арқалық қаласымен жалғайтын жолдар да жөндеуді қажет етеді. Өткен жылы Арқалық жолының 20 шақырымына асфальт төселді. Биыл тағы 30 шақырымы жаңарады. Ал Қарағанды жолының 40 шақырымын жаңғыртуға қаражат бөлініп тұр. Болашақта ол жаққа 4 жолақты, 1-санатты жол түседі. Өңірдегі көлік логистикасын жаңғыртуға бағытталған жұмыстардың жоспары осы. Ол жүзеге асқанша кемінде 3-4 жыл қымбатшылықтан құтылудың өзге жолын қарастырған жөн шығар. 

Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов, Гүлшаһира Серекбаева