Ақмола облысында 55 көлікті заңсыз тіркегендер анықталды

Жемқорлық тыйылмай тұр. Мәселен, Ақмола облысында 55 шетелдік автокөлік заңсыз тіркеуге алынған, деп хабарлайды 24KZ.

Іске бұрынғы тәртіп сақшыларының қатысы бар. Ұйымдасқан топ жалған төлем мен есеп айырысу құжаттарын пайдалану арқылы бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтарған. Салдарынан мемлекетке 400 млн теңгеден астам залал келген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат таратылуға жатпайды.