Ақтөбе облысының теміржолшылары көлікпен қамтылды
Ақтөбе облысының теміржолшылары енді шойын жолды жол талғамайтын көлікпен аралайды.
Алғашқысы Ақкемер станциясының жөндеу бригадасына берілді. Жақын арада аймаққа тағы осындай екі темір тұлпар жеткізіледі. Бұдан бөлек шағын теміржол бекеттерінде модульді ғимараттар орнатылып, жылыту орындары пайда болады. Жұмыс беруші еңбек етуге қолайлы жағдай жасаумен қатар ұжымдық келісімшарт аясында міндетті төлемдерді де өсірген.
Жақсылық Әлмағамбетов, Ақкемер станциясының қызметкері:
- Біздер темір жолдың 30 км обслуживание жасаймыз. Любой жерге барамыз. Жол талдамайды. Машина өте жақсы. Жүргізушіден бөлек 6 адам. Іші кең, құрал-сайман таситын борты бар. Кондиционері бар, климат контролі бар, система видеонаблюдение бар ішінде. Жақсы көлік.
Ғабит Садықов, Қазақстан теміржолшылар кәсіподағы батыс филиалының төрағасы:
- Желтоқсан айында ұжымдық шартқа көп сұрақтарды енгізгенбіз. Бүкіл позициядан кемінде 5 МРП-дан қосып шықтық. Енді 72 сұрақты енгіздік. Көлемінде былай қарағанда 5 млрд әлеуметтік жағдайға қосылды. Содан кейін шамамен 9 млрд айлыққа қосылды.