Маңғыстау облысындағы қонақ үйге айыппұл салынды
Маңғыстау облысында қоршаған ортаны ластаған қонақ үйге қатысты екі әкімшілік іс қозғалды.
Экология департаменті жүргізген тексеріс Қаракөл көліне төгілген судың құрамындағы химиялық заттардың шамадан тыс екені анықталды. Осыған байланысты қонақ үй иесіне айыппұл салынды. Сондай ақ, мамандардың шешімімен кәріз су құбыры алынып тасталды. Ал ғимарат орталық кәріз жүйесіне қосылды.
Ержан Жұмашев, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
- 1000 АЭК өздерінің құқығы бойынша 50 пайызын төлеп тастады. 4 миллионның 2 миллионын төленіп отыр ғой. Жауапкершіліктен құтылып, манағы кәріз суды алып тастады.